ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

  • Перуза Жарылгасова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/e9sa4y52

Кілт сөздер:

тәжірибе, мотивация, оқыту, кәсіби мотивация, кәсіби өзін-өзі дамыту, рефлексия

Аңдатпа

Бұл мақалада тәжірибеге бағытталған оқыту технологиясының жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби мотивациясын дамытудағы психологиялық-педагогикалық маңызы қарастырылады. Зерттеу барысында мотивацияның құрылымдық компоненттері (танымдық, эмоциялық, мінез-құлықтық), кәсіби бағыттылықты арттыру тетіктері және практикаға бағытталған оқу ортасының тұлғаның кәсіби өзін-өзі айқындауына әсер ету факторлары айқындалады. Автор студенттердің кәсіби мотивациясын дамыту үшін практикалық тәжірибені, рефлексияны және өзіндік іс-әрекет арқылы үйренуді біріктірудің маңыздылығын негіздейді. Сонымен қатар, оқу іс-әрекетінің табыстылығы тек білімді меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар оқу мотивациясына, яғни дамуға және жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысқа да байланысты. Білім алушының мотивация деңгейі неғұрлым жоғары болса, оны іс-әрекетке итермелейтін себептер де соғұрлым көп, демек, жететін нәтижесі де жоғары болады. Білім алушыларда  оқу мотивациясын дамыту – оқу үдерісінің тиімділігінің негізі болып табылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар