ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/e9sa4y52Кілт сөздер:
тәжірибе, мотивация, оқыту, кәсіби мотивация, кәсіби өзін-өзі дамыту, рефлексияАңдатпа
Бұл мақалада тәжірибеге бағытталған оқыту технологиясының жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби мотивациясын дамытудағы психологиялық-педагогикалық маңызы қарастырылады. Зерттеу барысында мотивацияның құрылымдық компоненттері (танымдық, эмоциялық, мінез-құлықтық), кәсіби бағыттылықты арттыру тетіктері және практикаға бағытталған оқу ортасының тұлғаның кәсіби өзін-өзі айқындауына әсер ету факторлары айқындалады. Автор студенттердің кәсіби мотивациясын дамыту үшін практикалық тәжірибені, рефлексияны және өзіндік іс-әрекет арқылы үйренуді біріктірудің маңыздылығын негіздейді. Сонымен қатар, оқу іс-әрекетінің табыстылығы тек білімді меңгеруіне ғана емес, сонымен қатар оқу мотивациясына, яғни дамуға және жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысқа да байланысты. Білім алушының мотивация деңгейі неғұрлым жоғары болса, оны іс-әрекетке итермелейтін себептер де соғұрлым көп, демек, жететін нәтижесі де жоғары болады. Білім алушыларда оқу мотивациясын дамыту – оқу үдерісінің тиімділігінің негізі болып табылады.




