СТУДЕНТТЕРДІҢ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/jaggvt90Кілт сөздер:
логикалық ойлау, физика, проблемалық оқыту, эксперимент, талдау, сыни ойлау, цифрлық технология, жоғары білімАңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында физика пәнін оқыту барысында студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдірудің теориялық және практикалық негіздері қарастырылады. Логикалық ойлау студенттердің физикалық құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды түсінуіне, есеп шығару алгоритмін саналы құруына, эксперимент нәтижесін талдауына және ғылыми қорытынды жасай алуына мүмкіндік береді.
Мақалада проблемалық оқыту, эвристикалық әңгіме, логикалық есептер, зертханалық эксперимент, топтық талқылау, салыстыру әдісі, цифрлық симуляциялар және жобалық тапсырмалар арқылы студенттердің аналитикалық, сыни және шығармашылық ойлауын дамыту жолдары ұсынылады. Сонымен қатар физиканы оқытуда жиі кездесетін қиындықтар көрсетіліп, оларды шешуге бағытталған әдістемелік ұсыныстар берілді.
Зерттеу барысында физика сабақтарында логикалық тапсырмаларды жүйелі қолдану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға оң әсер ететіні анықталды. Әсіресе, физикалық заңдар мен құбылыстарды күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтіп, теориялық білімді практикада тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, виртуалды зертханаларды және интерактивті платформаларды пайдалану студенттердің өздігінен іздену, талдау және қорытынды жасау дағдыларын жетілдіретіні айқындалды.
Мақала нәтижелері жоғары оқу орындарында физиканы оқыту сапасын арттыруға, студенттердің логикалық және ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған әдістемелік негіз ретінде қолдануға мүмкіндік береді.




