SСRОРHULАRIАСЕАЕ ТҰҚЫМДАСЫНА ЖАТАТЫН ӨСІМДІКТЕРДІҢ ҚЫШҚЫЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ТАЛДАУ CROPHULARIACEAE

Авторлар

  • Ozturk M. Мугла Сыткы Кочман университеті, Мугла, Түркия. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/08gnx743

Кілт сөздер:

Scrophulariaceae, Verbascum, аминқышқылдары, май қышқылдары, газды-сұйық хроматография, қағаз хроматографиясы

Аңдатпа

Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылы жеміс беру кезеңінде жиналған Scrophulariaceae тұқымдасына жататын Verbascum өсімдігінің жер үсті бөліктерінің амин және май қышқылдық құрамы зерттелген. Жұмыстың өзектілігі – өңірде өсетін өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды анықтау және оларды фармацевтикалық өндірісте қолдану мүмкіндігін бағалау. Зерттеу барысында өсімдіктерінің жер үсті бөлігіндегі әртүрлі амин және май қышқылдарының сандық құрамы анықталып, қағазды және газды хроматографиялық әдістер қолданылды. Нәтижесінде, өсімдік құрамынан адам ағзасы үшін маңызды амин қышқылдары (лейцин, лизин, аргинин) және қанықпаған май қышқылдары (линол, олеин) табылды. Алынған деректер Verbascum өсімдігінің фармакологиялық әлеуетін растап, оны дәрілік препараттар мен тағамдық қоспалар өндіруде пайдалануға болатынын көрсетеді. Зерттеу нәтижелері фитохимия, фармацевтика және тағам өнеркәсібі саласындағы болашақ зерттеулер үшін маңызды болып табылады.

Өсімдіктің жер үсті бөлігі көптеген маңызды қосылыстардың көзі болып табылады. Қағаз хроматографиясының көмегімен өсімдіктерден фенол қышқылдары, флавоноидтар және көмірсулар анықталды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, өсімдік түрінің биологиялық белсенді заттардың жеткілікті мөлшері бар екендігі, болашақта Қазақстан республиканың медицинасы мен ауыл шаруашылығында қолжетімді отандық тиімді дәрілік препараттардың ауқымын кеңейте алады. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

08.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар