МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/QZCY4429Кілт сөздер:
мектепке дейінгі балалар, кіші мектеп жасындағы оқушылар, зерттеушілік іс-әрекет, сабақтастық, тәжірибе жұмысы, ғылыми жоба, жобалау әдісіАңдатпа
Бұл мақалада, біз мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастығын философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне теориялық тұрғыдан талдау жасап, ішінара кейбір әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталдық. Сондай-ақ, мақалада ұсынған әдістеме негізінде алдымызға қойған болжамның дұрыстығын дәлелдеу мақсатында жобалау әдісін қолдану арқылы эксперимент жұмысын жүргізіп, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың зерттеушілік іс-әрекетінің сабақтастық мәселесін кәсіби практикалық тәжірибемен тығыз байланыста қарастырып, одан әрі
дамытуға арналған жұмыстарды жетілдіруге ұсыныстар берілді.