ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЛАСТАНУ ДИНАМИКАСЫ

Авторлар

  • Шамшеденова С.С. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор
  • Кулагин А.А. М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/2mp48r32

Кілт сөздер:

Нұра өзені, судың сапасы, ластану, су қоймасы, ауыз су, динамика

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстанда өзен суларының жағдайы экологиялық өзекті мәселелердің бірі. Елімізде ірі өзендердің сулары химиялық өндірістен, мұнай өңдейтін зауыттардан, машина жасау өндірістерінен және түсті металлургия секілді өнеркәсіп орындарынан шыққан ақаба сулармен ластануы зерттелген. Қарағанды облысында Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Есіл, Ертіс және Тобыл-Торғай өзендерінің бассейндері бар. Облыста бес жүз тоқсан тоғыз су объектісі бар, оның ішінде, жүз жетісі өзен, сексен үші көл, төрт жүз тоғызы жасанды су қоймасы, гидротехникалық құрылыстары бар бөгеттер. Өзендер Теңіз, Қарасор, Балқаш және Ертіс өзендерінің тұзсыз көлдерінің бассейндеріне жатады. Облыстың шығыс және оңтүстік-шығысындағы төменгі рельефтің болуы қардың немесе қарлы жерді қоректендірудің  жазық өзендерінің негізгі сипатын алдын ала анықтайды. Облыста 558 ауылдық елді мекендер бар. Өнеркәсіптік даму деңгейі тұрғысында республика бойынша бірінші орын алады. Онда қуатты екі өнеркәсіптік орын құрылған. Бірі Қарағанды-Теміртау көмір-металлургиялық кешені, ал екіншісі Балқаш түсті металлургия өнеркәсіптік кешені. Қазіргі кезде облыста 290 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, 6238 фермерлік және шаруа қожалықтары, 1155 халықтың жеке қосалқы шаруашлықтары бар, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Осының бәрі су экожүйесінің ластануына әкеледі. Сонымен қатар, өзен суларының әр жылда ластану денгейінің динамикасы көрсетілді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

09.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар