Ж.ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ ПОЭТИКАСЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ МӘТІНДЕРДІҢ ПРЕССУПОЗИЦИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/7372m257Кілт сөздер:
Жанат Әскербекқызы поэзиясы, сакралды мотив, прецедентті мәтіндер, прессупозиция, поэтикалық тіл, танымдық лингвистикаАңдатпа
Қазіргі қазақ поэзиясында сакралды мотивтерді жаңаша игеру үрдісі айқын байқалады. Осы тұрғыда Ж.Әскербекқызы шығармашылығы мифологиялық, діни және фольклорлық кодтарды терең поэтикалық деңгейде қолдануымен ерекшеленеді. Бұл мәселе әдебиеттану мен поэтика аясында ғана емес, лингвопоэтика саласында да өзекті болып табылады. Мақалада Ж.Әскербекқызы поэтикасындағы прецедентті мәтіндердің пресуппозициялық аспектісі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты автор шығармаларындағы интермәтіндік бірліктердің семантикалық және прагматикалық қызметін анықтау. Ақын поэзиясындағы сакралды образдардың қолданысы, мифологиялық сюжеттердің трансформациясы және ұлттық мәдени кодтардың көрінісі талданады. Прецедентті мәтіндер көркем кеңістікте тарихи жадымен сабақтасқан мағыналық құрылым ретінде танылады. Олар мәтіннің жасырын мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін пресуппозициялық негіз қалыптастырады. Зерттеу барысында автордың діни-фольклорлық мотивтерді жаңғырту тәсілдері сараланып, олардың символдық және эстетикалық мәні айқындалады. Ж.Әскербекқызы поэзиясындағы прецедентті мәтіндер оқырманның мәдени тәжірибесімен байланысып, шығарманың терең мағыналық қабатын қалыптастырады. Мақала ақын шығармаларындағы интермәтіндік байланыстардың ұлттық дүниетанымды танытудағы рөлін ғылыми тұрғыдан зерделейді және прецедентті бірліктердің поэтикалық мәтіндегі қызметін айқындауға бағытталған маңызды зерттеу ретінде бағаланады әрі қазақ поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін тереңірек ашады.




