ШЕТЕЛ ТІЛІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУбасқару,

Авторлар

  • Алдабергенова Э.С. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор
  • Утешкалиева А.М. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/ehaqnk49

Кілт сөздер:

басқару, ғылыми-әдістемелік жұмыс, шет тілі оқытушысы, кәсіби құзыреттілік, инновациялық технологиялар, әдістемелік қызмет, білім беруді цифрландыру, біліктілікті арттыру

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы шет тілі оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмысын басқарудың теориялық негіздері, мазмұны мен ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуымен, білім беру ортасының цифрландырылуымен, инновациялық педагогикалық технологиялардың енгізілуімен және оқытушылардың үздіксіз кәсіби дамуының қажеттілігімен айқындалады. Ғылыми-әдістемелік қызметтің мәні, құрылымы мен негізгі функциялары анықталып, оның білім беру үдерісін жетілдіру мен шет тілдерін оқыту сапасын арттырудағы маңызы көрсетіледі. Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың құзыреттілік, жүйелік, инновациялық және тұлғалық-іс-әрекеттік тәсілдері талданып, олардың оқытушының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы және шығармашылық әлеуетін дамытудағы мүмкіндіктері ашып көрсетіледі. Шет тілі оқытушыларының әдістемелік қызметін басқарудың ерекшеліктеріне ерекше назар аударылып, оның тілдік білімді үнемі жаңартып отырумен, заманауи білім беру технологияларын меңгерумен, цифрлық ресурстарды қолданумен және интерактивті оқыту әдістерін енгізумен байланысты қырлары қарастырылады. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау және нәтижелерін бағалау сияқты басқарушылық қызметтердің негізгі бағыттары сипатталады. Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмысты тиімді басқарудың шарттары ретінде жүйелілік, ғылыми негізділік, педагогтердің кәсіби қауымдастығын қалыптастыру, мотивациялық ортаны дамыту, инновациялық белсенділікті қолдау және заманауи цифрлық технологияларды пайдалану айқындалды. Теориялық талдау негізінде оқытушылардың кәсіби шеберлігін дамытуға, білім беру сапасын арттыруға және білім беру ұйымының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-әдістемелік жұмысты басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі негізделді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар