КОУЧИНГ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Тоғайбаева А.К. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан Автор
  • Мухаева Т.С. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ., Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/ft48b203

Кілт сөздер:

коучинг, педагогикалық көшбасшылық, кәсіби даму, рефлексия, мұғалім, мектеп мәдениеті

Аңдатпа

Мақалада коучингтің қазіргі білім беру жүйесінде педагогикалық көшбасшылықты дамытудың тиімді құралы ретіндегі рөлі талданады. Қоғамдық өзгерістер мен білім беру саласына қойылатын жаңа талаптар жағдайында мұғалімнің кәсіби рөлі өзгеріп, оның көшбасшылық әлеуетін дамыту мәселесі өзекті бола түсуде. Осы тұрғыда коучинг мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуын қолдайтын серіктестікке негізделген үдеріс ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында педагогикалық көшбасшылық ұғымының теориялық негіздері Майкл Фуллан мен Энди Харгривз еңбектері арқылы сипатталып, коучингтің мәні мен қағидалары Джон Уитмор мен Джим Найттың көзқарастары негізінде талданады. Мақалада коучингтің мұғалімнің рефлексиялық ойлауын тереңдетуге, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, коммуникациялық мәдениетін дамытуға ықпал ететіні көрсетіледі. Сонымен қатар коучингтің педагогтың кәсіби сенімін арттырып, бастамашылдық танытуына және әріптестерімен тиімді ынтымақтастық орнатуына жағдай жасайтыны дәлелденеді. Коучингтің жеке мұғалімнің ғана емес, тұтас мектептің кәсіби мәдениетін өзгертуге әсер ететін ұйымдастырушылық тетік ретіндегі маңызы айқындалады. Зерттеу нәтижелері коучингті педагогикалық көшбасшылықты жүйелі дамытуға бағытталған заманауи әрі нәтижелі тәсіл ретінде қарастыруға негіз болады.

Зерттеу қорытындылары коучинг технологияларын білім беру ұйымдарының тәжірибесіне енгізу педагогтердің кәсіби әлеуетін тиімді жүзеге асыруға және білім сапасын арттыруға ықпал ететінін көрсетті

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

01.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар