EUPHORBIA LAMPROCARPA ЖАҢА МОНОМЕРЛІК ЭЛЛАГОТАННИН
DOI:
https://doi.org/10.56525/qe3z8273Кілт сөздер:
Euphorbia Lamprocarpa (ақшыл жемісті сүттіген), эллаготаннин, қышқылдық гидролиз, тері илегіш заттар, спектроскопия, баған хроматографиясыАңдатпа
Сүттіген (Эйфорбия) - ежелгі халықтық емдеу құралы. Сүттіген шөбінің ғылыми атауы - Евфорбия, сүттіген шөбінің емдік қасиеттерін алғаш қолданған Нумидия патшасы Джубаның (б.з.б. 54 ж.) сарай дәрігері Эйфорбтың құрметіне берілген. Сүттіген шөптерінің барлық түрлерінде сүтті шырын, шайыр және резеңке бар. Сүттіген шөптерінің химиялық құрамы жеткілікті түрде зерттелмегенімен, сүттіген шырынының негізгі белсенді компоненті эйфорбон, оның мөлшері шамамен 22%, сонымен қатар 38% шамасында аморфты шайыр, 18% дейін шайыр және 10% жуық минералды тұздар екені белгілі. Сүттіген шөптеріндегі басқа химиялық қосылыстарға алкалоидтар, флавоноидтар және кумариндер жатады.
Эллаготанниндер – эллаг және галль қышқылдарына бай өсімдік тектес полифенолды қосылыстар тобы. Эллагитанниндердің кең спектрі бар. Бұл әртүрлі микробтардың, бактериялардың және паразиттердің әсерінен қорғайтын эллагитанниндер.
Euphorbia Lamprocarpa (ақшыл жемісті сүттіген) тамырынан жаңа мономерлі эллаготаннин - лампрокарпин бөлініп алынды, оның құрылымы химиялық түрлендірулер мен спектрлік зерттеулер негізінде 1-О-галлоил-2,4-дегидрогаллоил-3,6-гексагидроксидифеноил- β-D-глюкопираноза болып анықталды.




