КӘСІБИ ЖАНУ: ҚҰБЫЛЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІГІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/mha15586Кілт сөздер:
кәсіби жану, эмоционалдық сарқылу, деперсонализация, күйзеліс, жұмыс тиімділігі, ұйымдық психологияАңдатпа
Мақалада кәсіби жану құбылысы қазіргі еңбек психологиясының өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ақпараттық жүктеменің артуы, көп міндеттілік және мамандарға қойылатын жоғары талаптардың салдарынан созылмалы күйзеліске, эмоционалдық сарқылуға және жұмыс өнімділігінің төмендеуіне әкелуімен негізделеді (Бойко, 1999; Жигулина, 2020). «Жану» ұғымының тарихи алғышарттары (Brill, 1984), оның зерттелу кезеңдері және заманауи интерпретациялары талданады (Айгородский, 2006; Чутко & Козина, 2014), сонымен қатар кәсіби жанудың психоэмоциялық, когнитивтік және әлеуметтік компоненттері қарастырылады. Қазақстандағы жағдайға ерекше көңіл бөлінеді, мұнда кәсіби жану бәсекелестіктің артуы, цифрландыру және жұмыс пен оқу талаптарының шектен тыс жоғары болуы жағдайында барған сайын өзекті болып отыр (Жигулина, 2020). Caspian University студенттері мен қызметкерлері арасында жүргізілген эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылады, ол эмоционалдық сарқылу, тұлғадан алыстау және кәсіби жетістіктердің төмендеу деңгейлерін нақты анықтады. Зерттеу көрсеткендей, әйелдер мен жас қызметкерлер әлеуметтік және жеке факторлардың үйлесіміне байланысты жануға жиірек ұшырайды (Рудалева & Кабашева, 2014). Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі кәсіби жану еңбекке қанағаттанбаумен, эмоциялық тұрақсыздықпен және жұмыс өнімділігінің төмендеуімен тікелей байланысты екендігі дәлелденді (Жигулина, 2020), бұл қазіргі кәсіби ортадағы психологиялық қолдаудың маңыздылығын айқын көрсетеді.




