ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/jdg2hz48Кілт сөздер:
жасанды интеллект, химиялық технология, машиналық оқыту, цифрлық егіздер, инженерлік білім, нейрондық желілер, технологиялық процестерді модельдеу, индустрия 4.0Аңдатпа
Бұл мақалада «Индустрия 4.0» тұжырымдамасы аясында химиялық технология мамандықтары бойынша болашақ инженерлерді даярлау үдерісіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялаудың тиімділігі зерттелген. Зерттеудің өзектілігі химиялық өндірістегі күрделі технологиялық процестерді модельдеу мен оңтайландыруда заманауи цифрлық құралдарды қолдану қажеттілігінен туындап отыр. Жұмыс барысында химиялық инженерия мен педагогикалық мониторингті ұштастыратын кешенді әдістемелік тәсіл қолданылды. Эксперименттік зерттеулер Intel Core i7 процессоры және NVIDIA RTX графикалық карталарымен жабдықталған жоғары өнімді жұмыс станцияларында, Python (Pandas, Scikit-learn, TensorFlow) бағдарламалау ортасында және DWSIM симуляциялық пакетін қолдану арқылы жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері ЖИ құралдарын пайдалану бақылау тобымен салыстырғанда студенттердің орташа үлгерімін 22%-ға арттырып, технологиялық есептеулердің дәлдігін 96%-ға дейін жеткізгенін көрсетті. Сонымен қатар, автоматтандырылған скрипттерді қолдану оңтайландыру уақытын 5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Талқылау бөлімінде ЖИ-дің студенттерде «инженерлік түйсікті» қалыптастырудағы рөлі мен модельдердің «қара жәшік» мәселесін шешу үшін интерпретацияланбалы ЖИ (XAI) әдістерін енгізу қажеттілігі сараланды. Ұсынылған оқыту моделі болашақ химик-технологтардың деректерге негізделген шешім қабылдау мәдениетін дамытып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі ретінде ұсынылады.




