ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/1ysra140Кілт сөздер:
экология, атмосфера, қоршаған орта, экологиялық тепе-теңдік, халық денсаулығы, антропогендік әсерАңдатпа
Мақалада қазақ халқының табиғатқа және қоршаған ортаға деген дәстүрлі ұқыпты көзқарасы, оның тарихи қалыптасуы қарастырылады. Жақын уақытқа дейін туған өңірлердің табиғи ортасы экологиялық тұрғыдан таза әрі тұрақты болып, «экология» ұғымы халықтың күнделікті өмірінде кең қолданылмағаны атап өтіледі. Алайда аумақтарды қарқынды шаруашылық игеру мен антропогендік жүктеменің артуы нәтижесінде табиғи экологиялық тепе-теңдік бұзылды.
Қазіргі экологиялық өзгерістер қоршаған ортаның, әсіресе атмосфералық ауаның сапасының нашарлауына алып келіп, халық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Экологиялық қолайсыз факторлардың ықпалымен түрлі аурулардың көбеюі және халық денсаулығы деңгейінің төмендеуі байқалады. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінің маңыздылығы көрсетіледі.
Сонымен қатар мақалада экологиялық проблемаларды шешудің кешенді тәсілінің маңыздылығы атап өтіледі. Бұл тәсілге табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіру, экологиялық таза технологияларды енгізу және экологиялық мониторинг жүйесін дамыту жатады. Халықтың экологиялық білім деңгейі мен жауапкершілігін арттыру антропогендік әсерді төмендетуге ықпал етіп, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.




