БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ   МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЗЕЙІНІН ТҰРАҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ IQ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Жангозиева М.С. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Салықбаева Ж.Б. Боранқұл жалпы білім беретін мектебі, Бейнеу ауданы, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/wppdcx41

Кілт сөздер:

зейін, IQ деңгейі, математика сабағы, когнитивтік даму, бастауыш мектеп, оқу мотивациясы, психологиялық әдістер

Аңдатпа

«Бастауыш мектеп оқушыларының математика сабағында зейінін тұрақтандыру арқылы IQ деңгейін арттыру жолдары» атты мақалада оқушылардың танымдық үдерістерін дамыту мәселесі қарастырылады. Авторлар бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктеріне тоқтала отырып, математика сабағында зейінді шоғырландыру мен тұрақтандырудың тиімді әдістерін ұсынады. Зерттеу барысында зейін мен интеллектуалдық дамудың өзара байланысы талданып, логикалық тапсырмалар, ойын элементтері, визуалды құралдар мен белсенді оқыту әдістері арқылы оқушының IQ деңгейін арттыру жолдары сипатталады.

Мақалада оқушының зейіні неғұрлым тұрақты болса, ойлау қабілеті мен ақыл-ой көрсеткіштері соғұрлым жоғары болатыны ғылыми және практикалық негізде дәлелденеді. Бұл мақалада бастауыш мектеп оқушыларының математика пәнін меңгеру барысында зейінін тұрақтандырудың тиімді әдістері мен тәсілдері қарастырылады.

Зейін - оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижелілігіне тікелей әсер ететін психологиялық процесс ретінде сипатталып, оны дамыту арқылы баланың интеллектуалдық (IQ) деңгейін арттырудың мүмкіндіктері айқындалады.

Зерттеу барысында когнитивтік психология мен педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, оқушылардың зейінін шоғырландыруға бағытталған ойын, жаттығу және проблемалық тапсырмалардың тиімділігі талданады. Мақаланың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының математикалық ойлау қабілетін жетілдіру және олардың IQ көрсеткішін арттыруда зейін тұрақтылығының рөлін ғылыми тұрғыда негіздеу. Нәтижесінде, зейінді дамытуға арналған әдістемелік ұсыныстар мен практикалық нұсқаулар берілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар