ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Есім А.Ә. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Aтырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/6vtc4373

Кілт сөздер:

білім беру жүйесі, зерттеу дағдылары, бастауыш мектеп, Reggio Emilia әдістемесі, танымдық қабілеттер, шығармашылық ойлау, STEM жобалары, PBL (жобалық оқыту)

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесінің басым бағыттарының бірі – оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету және олардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері жан-жақты қарастырылады. ХХІ ғасыр жағдайында білім беру үдерісі тек дайын ақпаратты меңгертумен шектелмей, білім алушылардың ақпаратты өз бетінше іздеу, талдау, жүйелеу және оны шығармашылық тұрғыда қолдану қабілеттерін дамытуға бағдарлануы тиіс. Осы тұрғыда мектеп жасындағы балалардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының зерттеу әрекетіне қызығушылығын арттыру және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру өзекті педагогикалық міндет болып табылады. Мақалада білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған Reggio Emilia педагогикалық әдістемесінің теориялық негіздері мен ерекшеліктері талданып, оның баланың шығармашылық ойлауын, дербестігін және зерттеушілік әлеуетін дамытудағы мүмкіндіктері сараланады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы ғылыми жобалау жұмыстарының жүйесі, оның ішінде «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар конкурсының оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастырудағы және дамытудағы рөлі айқындалады. Зерттеу негізіндегі оқыту тапсырмаларын оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары, мұғалімнің бағыттаушы және кеңесші ретіндегі кәсіби қызметі, сондай-ақ ата-аналардың қолдаушы серіктес ретіндегі рөлі көрсетіледі. Оқушылардың зерттеу құзыреттілігінің кезең-кезеңімен қалыптасу үдерісі сипатталып, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамуының негізгі бағыттары айқындалады. Қорытындылай келе, мақалада ұсынылған тәсілдер мен әдістемелік ұстанымдар оқушыларды өздігінен ойлай алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, ғылыми-зерттеу әрекетіне бейім, заманауи білім беру талаптарына сай бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететіні негізделеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар