ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ  ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ БОЛАШАҒЫ

Авторлар

  • Жұмажан Бекежан Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Жумадилова Мереке Бапановна Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Абдыкеримова Эльмира Алтынбековна Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, дербестендірілген оқыту, ерекше қажеттіліктері бар оқушылар, білім берудегі инновациялар, көмекші технологиялар, оқыту сапасы, адаптивті оқыту, білім беру платформалары, этикалық мәселелер, деректердің құпиялылығы, әлеуметтік теңсіздік

Аңдатпа

 Бұл мақалада жасанды интеллектінің (ЖИ) инклюзивті білім берудегі рөлі мен болашағы қарастырылады. Инклюзивті білім беру барлық оқушылардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім алуына тең мүмкіндік беруін көздейді. ЖИ технологиялары мұғалімдерге әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқу жоспарларын құруға, оқу үдерісін оңтайландыруға және кері байланыс пен бағалау жүйелерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Мақалада ЖИ-нің инклюзивті білім берудегі әлеуеті, оның оқушылардың оқу жетістіктерін жақсарту мен оқу үдерісін дербестендірудегі артықшылықтары талқыланады. Сонымен қатар, ЖИ-ні қолдану кезінде пайда болатын мәселелер мен этикалық дилеммалар, оның ішінде деректердің құпиялылығы мен әлеуметтік теңсіздік мәселелері де қарастырылады. Зерттеудің нәтижелері ЖИ технологияларын тиімді қолдану арқылы инклюзивті білім беруді жақсартудың болашағы зор екенін көрсетеді және білім беру жүйесінде жаңа мүмкіндіктер ашатынын айқындайды. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар