СОҢҒЫ 50 ЖЫЛДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ МЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫН ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ҮРДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/6s109s60Кілт сөздер:
ұзақ мерзімді температуралық үрдістер, ауа температурасы, атмосфералық жауын-шашынның өзгергіштігі, аридті климат, маусымдық үрдістер, Маңғыстау облысыАңдатпа
Бұл мақалада Маңғыстау обылысының ауа температурасы мен атмосфералық жауын-шашынның соңғы 50 жылдағы (1974–2024 жж.) өзгерістері зерттеледі. «Климат және ауа райы» деректер базасынан алынған ұзақ мерзімді метеорологиялық мәліметтер негізінде орташа жылдық және орташа маусымдық температуралар, сондай-ақ жауын-шашынның жылдық таралуы талданды. Зерттеу нәтижелері тұрақты жылыну үрдісін көрсеттіп, орташа жылдық ауа температурасы 1,0 °C-тан астамға артқан, ал ең айқын және тұрақты өсім көктем және жаз мезгілдерінде байқалады. Қысқы және күзгі температуралар да оң үрдіс көрсетіп, экстремалды суық кезеңдердің санының азаюымен қатар жүреді. Жылы маусымның ертерек басталуы мен жазғы температуралардың жоғарылауы фенологиялық үдерістерге әсер етіп, булануды жеделдетеді және экожүйелер мен халыққа түсетін жылулық жүктемені арттырады.
Жауын-шашынға жүргізілген талдау аридті аумақтарға тән жылдар арасындағы және онжылдық ішіндегі жоғары өзгергіштікті анықтады. Атап айтқанда, жауын-шашын мөлшері 70 мм-ден төмен болатын өте құрғақ жылдардан бастап, 270 мм-ден асатын аномальды ылғалды жылдарға дейін ауытқуы анықталды. Су балансының қалыптасуына негізгі үлесті суық кезең қосады, ал жазғы жауын-шашын мөлшері шектеулі әрі салыстырмалы түрде тұрақты болып қалады. Жылыну мен жауын-шашынның біркелкі бөлінбеуінің үйлесуі өңірдің аридтілігін күшейтіп, табиғи және ауылшаруашылық жүйелердің климаттық стресс пен экстремалды құбылыстарға осалдылығын арттырады.
Алынған нәтижелер Маңғыстау өңірінде климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларын әзірлеу және су мен табиғи ресурстарды басқару барысында температуралық және жауын-шашындық динамиканы кешенді түрде ескерудің маңыздылығын көрсетеді.




