АХМЕТ ТЕЗЕКБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: КЕҢЕСТІК ҚУҒЫН- СҮРГІН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КҮРЕС

Авторлар

  • А.К.Нурманова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

Кілт сөздер:

Ахмет Тезекбайұлы, тоталитарлық жүйе, кеңестік қуғын-сүргін, ұлттық күрес, ұжымдастыру

Аңдатпа

Әрбір халықтың тарихи дамуында орын алатын трансформациялық кезеңдер қоғамның әлеуметтік құрылымына, саяси жүйесіне, мәдени болмысына және экономикалық негіздеріне терең ықпал етеді. Қазақстанның көпғасырлық тарихында ХХ ғасырдың бірінші жартысы осындай күрделі әрі маңызды кезеңдердің бірі ретінде ерекшеленеді. Мақалада осы уақыт аралығында елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері қарастырылады. Сонымен қатар,  кеңестік жүйе тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған Ахмет Тезекбайұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасына және қуғындалу себептеріне ғылыми талдау жасалып, қазіргі кезең үшін тарихи маңызы айқындалады. 1920 жылы бұрынғы Ресей империясы аумағында, соның ішінде Қазақстанда, кеңестік биліктің толық орнығуымен бірге большевиктік басқару жүйесі ұлттық, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы саясатты біршама сақтықпен жүргізе бастады. Мұндай тактиканың басты мақсаты жергілікті халықтың, әсіресе көпшілік бөлігінің қолдауына ие болу арқылы кеңестік басқару құрылымдарын нығайту болды. Республикада кең көлемді экономикалық реформалар жүзеге аса бастады. Бұл реформалар әлеуметтік топтардың барлық дерлік тобына әсер етіп, елдегі экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге бағытталды. Кеңестік билік осы мақсатта бірқатар капиталистік елдерге тән экономикалық тетіктерді пайдаланды. Ауыл шаруашылығы саласында да елеулі өзгерістер орын алып, егістік және жайылымдық жерлер мен су көздерін қайта бөлу шаралары жүргізілді. Алайда бастапқыда прагматикалық сипат алған реформалар кейінірек орталықтандырылған басқару жүйесіне орын берді. Экономиканың барлық секторлары қатаң әкімшілік бақылауға алынып, жоспарлы тапсырмаларды орындау мақсатында репрессивті әдістер кеңінен қолданыла бастады. Ауыл шаруашылығындағы мұндай қысыммен қатар, кеңестік билік рухани өмір саласына да бақылау орнатуға ұмтылды. Рухани саладағы бәсекелестіктің жойылуы партия идеологиясының қоғамға кедергісіз енуіне мүмкіндік берді. Осылайша, 1920–1940 жылдар аралығында кеңестік мемлекет қоғам өмірінің барлық салаларын экономикалық, саяси, мәдени және рухани бағыттарды қамтитын тоталитарлық бақылау жүйесін қалыптастырды. Кез келген қарсылық немесе балама пікірді білдіру әрекеттері толықтай басып-жаншылды

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

21.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар