БАС/ ГОЛОВА/ HEAD КОНЦЕПТІСІНІҢ ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ
Кілт сөздер:
фразеологизм, концепт, салғастырмалы лингвистика, бас, голова, head концептісі, лингвомәдениеттануАңдатпа
«Бас» ұғымы қазақтың мақал-мәтелдерінде жиі кездеседі, бұл оның рухани, әлеуметтік және философиялық мәнін көрсетеді: Мәселен, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» мақалы. Негізгі мағынасын адамның пікірін, ойын, сөзін айту құқығынан ешкім айыра алмайды. Еркін ойын айтуға тыйым сала алмайды деген мағынада айтылады. Бұл жердегі
«бас» - адамның басы. Бас кесілу жазасы болса да тіл кесу жазасы жоқ деген мағынаны береді. Тағы да бір мақал «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Бұл жердегі «бас» ол жан басы, адам деген ұғымды білдіреді. Яғни адам үйленбей не отау құрмай мал-мүлік басы жиналып болмайды деген мағынада айтылады. «Бас» ұғымының символдық мәнін де қаралық. Бастың Рухани және мифологиялық қырлары: “Бас” ұғымы қазақтың аңыз-әңгімелерінде рухани биліктің, даналықтың символы ретінде қарастырылады. Бас киімнің қасиеттілігі: бас киімге қатысты тыйымдар (бас киімді басқа адамға бермеу, жерге тастамау) – адамның абыройын, рухани тазалығын қорғайтын символ. Көшбасшылық пен ұлттың символы: Қазақ халқының дәстүрінде хан немесе көшбасшыны “елдің басы” деп атаған.