БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУШЫ КЕҢІСТІКТІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

Авторлар

  • Таласбаева А. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор
  • Утешкалиева А.М. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/5wyxxd28

Кілт сөздер:

Бастауыш мектеп, физикалық даму, психикалық даму, әлеуметтік саулық, салауатты өмір салты, педагогикалық шаралар, дене белсенділігі, инновациялық бағдарламалар

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалау аясында бастауыш мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Зерттеуде бастауыш мектеп кезеңіндегі балалардың психологиялық және физикалық бейімделу ерекшеліктері қарастырылды.

 Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында мектептегі денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлар: оқу мен демалыстың дұрыс ұйымдастырылмауы, дене белсенділігінің төмендігі, дұрыс тамақтанбау, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталмауы, педагогтардың валеологиялық дайындығының жеткіліксіздігі және ата-аналармен бірлескен жұмыстың шектеулігі екені анықталды. Денсаулық сақтау кеңістігі оқушылардың жан-жақты дамуы мен үйлесімді тұлға қалыптастыруына ықпал ететін орта ретінде сипатталады.

Зерттеуде педагогикалық, психологиялық және медициналық-әлеуметтік аспектілердің интеграциясы маңызды деп танылды. Бастауыш мектептегі денсаулық сақтау кеңістігін ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдану, дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, оқу үдерісінде денсаулық мәдениетін қалыптастыру ұсынылады.

Сонымен қатар, оқушылардың жүйке-психологиялық шиеленісін төмендету, салауатты өмір салтын үйрету және педагогтардың кәсіби денсаулығын қолдау шаралары да қарастырылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау кеңістігі оқушылардың физикалық және психикалық дамуын, эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ететін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған кешенді жүйе болып табылады.

Бұл шаралар оқушылардың оқуға бейімделуін, өзін-өзі басқару қабілеттерін дамытуын және қоғамдағы үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелері білім беру ұйымдарында денсаулықты сақтау ортасын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік негіздерін практикалық тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі денсаулық сақтау кеңістігі тек оқушылардың денсаулығын қорғаумен шектелмей, олардың танымдық және әлеуметтік қабілеттерін арттыруға ықпал етеді. Мақалада бастауыш мектептегі денсаулық сақтау кеңістігінің мәні мен мазмұны, ұйымдастырушылық шарттары және педагогикалық тәсілдері жан-жақты қарастырылған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар