ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІҢ (BIM) РӨЛІ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Курашева Гульзира Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • И.Н. Дюсенбаев Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/qrm25a50

Кілт сөздер:

BIM, құрылыс, ақпараттық модель, цифрландыру, инновация

Аңдатпа

Қазіргі заманда құрылыс индустриясы қарқынды дамып, жобалау мен салуда жаңа технологияларды қолдану басты талапқа айналды. Солардың ішінде BIM (Building Information Modeling – ғимараттың ақпараттық модельдеуі) технологиясы ерекше орын алады. BIM – бұл тек үш өлшемді модельдеу ғана емес, ол жобалау, құрылыс және пайдалану кезеңдерін біріктіретін кешенді цифрлық әдіс болып табылады. Осы мақалада BIM технологиясының құрылыс саласындағы артықшылықтары, қолдану салалары және оны енгізудегі қиындықтар қарастырылады.

BIM-нің негізгі ерекшелігі – нысан туралы барлық ақпаратты бірыңғай деректер базасында жинақтау. Бұл жобалау сапасын арттырып, қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, BIM уақыт (4D) және қаржылық шығындарды (5D) басқаруды, энергия тиімділігін (6D) бақылауды қамтамасыз етеді. Осындай көпқырлы мүмкіндіктердің арқасында құрылыс жобаларының тиімділігі айтарлықтай өсіп, ресурстарды үнемдеу жүзеге асады. Қазақстанда BIM технологиясын енгізу әлі бастапқы деңгейде. Мемлекеттік құрылыс стандарттарын жетілдіру, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану және кадрларды даярлау – негізгі міндеттердің бірі. Дегенмен, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, BIM жүйесін кеңінен пайдалану құрылыс сапасын арттырып қана қоймай, жобаларды уақтылы әрі тиімді аяқтауға жол ашады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, BIM технологиясын жүйелі түрде енгізу Қазақстанның құрылыс индустриясын цифрландыруға, тәуекелдерді азайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал етеді. Сондықтан BIM – болашақта құрылыс саласының дамуының стратегиялық құралы болып табылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар