ӨҢІР ТУРИЗМІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/2kzfrs28Кілт сөздер:
цифрлық технологиялар, ақылды туризм, туристік қызмет, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, цифрлық белсенділік, жасанды интеллект, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туристік көрікті жерлерАңдатпа
Осы мақаланы зерделеу мәні туризм саласындағы басты үрдіс ретінде жасанды интеллектіні қарастыру болып табылады. Жасанды интеллект және цифрлық жүйелер түріндегі қазіргі заманғы әзірлемелер туризм саласының көптеген аспектілерінде көрініс тапты. Аталған зерттеудің басты мақсаты туристік қызмет көрсету саласына жасанды интеллект түріндегі заманауи технологияларды енгізудің жаңа жолдарын және туристерді тарту жолдарын қалыптастыру болып табылады.
Цифрлық кеңістік процестерді автоматтандыру және бейнелерді тану үшін математикалық және бағдарламалық кодтың жаңа құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект қоғам мен өндiрiстiң көптеген салаларына кеңiнен енгiзiлуде. Соңғы жылдардағы жарияланымдар туризм саласының - брондау, тіркеу және т.б. процестерді автоматтандыруда жасанды интеллект құралдарын пайдаланатын серпінді сала. Бұл бiрiншi кезекте көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына оң әсер етедi, туристiк фирмалардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырады.
Туризмдегі және қонақжайлылықтағы жасанды интеллект туралы мақалада оны пайдалану мүмкіндіктері мен шектеулері талданған және салада жасанды интеллектті қолданудың әртүрлі мысалдары қарастырылған, мысалы, билеттер мен нөмірлердің құнын оңтайландыру, брондау процестерін автоматтандыру, жекелендірілген қызметтерді көрсету және чат-боттарды пайдалана отырып, тұтынушылардың сұрауларын өңдеу.
Мақалада туризм саласында жасанды интеллект платформаларын қолдану қарастырылды. Аталған салаға жасанды интеллектті енгізу себептері қаралды. Туристік өнімдерде ЖИ негізінде платформаларды қолдануға зерттеу жүргізілді. Ұсынымдық жүйелердің түрлері мен құрылымы қаралды, сондай-ақ туристік сала кәсіпорындарында пайдаланылатын платформалар ұсынылды. Туристік салаға ЖИ енгізудің оң және жағымсыз фактілері атап өтілді.




