АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ БАСҚАРУШЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • Жусип А.О. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Калиева Э.И. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/3qg2xz81

Кілт сөздер:

Абай Құнанбайұлы, басқарушы мәдениет, қарым-қатынас, «Толық адам» тұжырымдамасы, жоғары білім, көшбасшылық, этика, педагогикалық шарттар, студенттік орта

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі жоғары білім беру жүйесінде студенттердің басқарушы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда Абай Құнанбайұлының философиялық және этикалық мұрасын қолданудың педагогикалық тиімділігі зерттелген. Зерттеу барысында басқарушы мәдениетті тек ұйымдастырушылық және кәсіби қабілет ретінде емес, сондай-ақ эмоциялық интеллект, этикалық рефлексия және рухани сана арқылы кешенді құбылыс ретінде қарастыру негізге алынған.  Зерттеуде Абай Құнанбайұлы шығармаларының қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі студенттердің басқарушы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық әлеуеті қарастырылады.

Мақалада Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі басқарушы, адамгершілік және этикалық идеялар заманауи білім беру менеджментінің құндылықтарымен салыстырыла талданады. Ақынның «Адам бол!» қағидаты, еңбексүйгіштік, әділдік пен жауапкершілік идеялары студенттің тұлғалық кемелденуіне және кәсіби қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған негізгі психологиялық-педагогикалық тетік ретінде қарастырылады. Жоспарланып отырған зерттеу жұмысы диагностикалық, тәжірибелік және қорытынды кезеңдерден тұрады. Онда Абай шығармалары негізінде ұйымдастырылатын сыныптан тыс іс-шаралардың студенттердің басқарушы мәдениетіне ықпалы талданбақ. Әдістемелік негіз ретінде салыстырмалы-талдамалық, тарихи-философиялық және педагогикалық модельдеу тәсілдері қолданылмақ.

Мақалада Абайдың «Толық адам» концепциясы және қара сөздеріндегі рухани-адамгершілік қағидалардың студенттердің эмоционалдық интеллекті мен коммуникативтік құзыретін дамытудағы рөлі теориялық тұрғыдан негізделеді.

Сонымен қатар, Абай философиясы қазіргі менеджмент теориялары мен көшбасшылық тұжырымдамаларымен үндесіп, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына интегративтік негіз береді. Мақала білім беру процесінде ұлттық рухани мұра мен заманауи педагогикалық әдістерді біріктірудің әдістемелік және практикалық құндылығын дәлелдейді, бұл бағыт студенттердің басқарушы мәдениетін қалыптастырудағы инновациялық педагогикалық тәжірибе ретінде ұсынылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

20.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар