ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ  ДАМУЫНА «СЫНИ ДОСТЫҢ» ЫҚПАЛЫ

Авторлар

  • Р. Асилбаева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-4354-8469
  • К.Б. Бижанова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/40mc5w52

Кілт сөздер:

фасилитация, сыншы дос, сыни дос импактісі, мұғалім, кәсіби құзыреттілік, іс-әрекетте зерттеу

Аңдатпа

«Сыни достың» рөлі білім беру жүйесінде, әсіресе университет оқытушыларының кәсіби дамуын қолдауда ерекше маңызға ие. Сыни дос – педагогтің кәсіби іс-әрекетіне сыртқы әрі объективті көзқарас білдіріп, оның рефлексия жасауына, тәжірибесін талдауына, кәсіби жетістіктері мен қиындықтарын анықтауына көмектесетін серіктес. Мақалада сыни достың университет оқытушысының кәсіби құзыреттілігін дамытудағы психологиялық және педагогикалық маңызы қарастырылады. Зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жүргізіліп, сыни достық тәжірибесінің оқытушылардың кәсіби өсуіне, педагогикалық шеберлігінің артуына және білім беру сапасын жақсартуға ықпалы зерделенді. Іс-әрекеттегі зерттеу әдіснамасы негізінде жас мамандар мен тәжірибелі оқытушылар арасында сауалнама, тестілеу, бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер сыни достықтың кәсіби сенімділікті нығайтып, рефлексивтік қабілеттерді, кәсіби мотивацияны, сыни ойлау дағдыларын және педагогикалық шешім қабылдау сапасын арттыратынын көрсетті. Сонымен қатар бұл модель кәсіби оқшаулануды төмендетіп, әріптестік ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында сыни достық моделін кәсіби даму жүйесіне енгізудің тиімділігі мен практикалық маңызын дәлелдейді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар