МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МАЗАСЫЗДЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ШАРТТАРЫ

Авторлар

  • Г.Ж. Жүнелбаева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Емин Атасой Бурса Улудаг Университеті, Стумбул, Турция Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/gx209x90

Кілт сөздер:

оқушы, мазасыздық, алаңдаушылық, мұғалім, ата – ана, психолог, мәселе, алдын – алу, сауалнама, диагностика

Аңдатпа

Мектеп оқушылары – қоғамға енді бейімделіп, мінез – құлығы қалыптасып, психологиялық сезімдері әлі тұрақтана қоймаған жандар. Олардың бойында алаңдаушылық, мазасыздық тәрізді сезімдердің басым болуы да заңдылық. Себебі, олар кез – келген ақпаратты шынайы әрі жанына жақын қабылдайды.

Жалпы, мазасыздық – бұл адамның психикалық жай – күйі, сезімдері мен эмоциясының тым жоғарылап немесе шамадан тыс бәсеңдеуі салдарынан стресстік жағдайға түсу болып табылады. Әрине, мазасыздықты әр адам жеке басынан әр – түрлі өткізеді. Дей тұрғанмен, кіші жастағы қоғам мүшелері кез – келген жағдаятқа мазасыздық танытып, күйгелектенуі мүмкін. Себебі, олар толық әлеуметтенбеген, бейімделу үрдісінде, психологиялық тұрақтылығы қалыптасып келе жатқан жандар.

Көбіне оқушылардың бойындағы мазасыздық сабақ үлгеріме тікелей байланысты. Бұл пән мұғалімдерімен ортақ тіл табыса алмау, сабақты түсінбеу, тапсырма орындаудағы қателіктерден қорқу, коммуникативтік қарым – қатынасқа еркін түсіп кете алмауы салдарынан сыныптағы достыққа қатысты алаңдаушылығы. Әрине, бұл тізімге енетін көптеген мәселелер бар. Сондықтан, мектеп психологтарының жұмысы осы мазасыздықтың алдын – алып, оқушылардың бойына сенімділікті қалыптастыру.

Өкінішке орай, оқушылардың бойындағы мазасыздық отбасындағы кейбір мәселелерден де туындауы мүмкін. Сол себепті, бұл мақалада мазасыздықтың туындауы себептерін жан – жақты талдап, оның алдын – алуға бағытталған іс – шараларға тоқталатын боламыз.

Зерттеу барысында көптеген ғылыми тұжырымдамаларға назар аударылып, баспа беттерінде жарияланған анықтамалар қолданылды. Мәселені оңтайлы шешудің жолдары қарастырылып, сала мамандарына қажет ақпараттар ұсынылып, оны тәжірибеде қолданудың қажет тұстары енгізілді.

Ғылыми мақала мектеп психологтарына, пән мұғалімдері мен ата – аналарға және де психологиялық – педагогикалық білімін толықтыруға ниетті жандар үшін пайдалы болады деп сенеміз. Әр бөлім тақырыбына сәйкес мақала мәтіні жазылып, мәселені шешу жолында жан – жақты талдаулар жүргізілді.

Бұл зерттеулер білім сапасы мен тағылымды тәрбиеде өзінің оң әсерін тигізіп, оқушылардың тұлғалық қасиетінің дұрыс қалыптасуына жол ашпақ.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

09.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар