әңгіме жанрын сандық технология арқылы оқытудың ерекшеліктері

Авторлар

  • Саткенова Ш.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Автор
  • Атаханова Н.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Автор
  • Саткенова Ж.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/v1mr3z60

Кілт сөздер:

цифрландыру, цифрлық технология, интерактивтілік, сапалы ақпарат, оқудағы жақсартылған коммуникация, комикс, бейне редактор, цифрлық сұхбат, коллаборациялық оқыту

Аңдатпа

Мақалада әңгіме жанрын сандық технология арқылы оқытудың ерекшеліктері қарастырылады. Технологияларды, компьютерлік бағдарламалауды, графикалық әдістерді қолдану, визуализация, компьютерлік графика, онлайн курстардың мультимедиялық дамуы және т.б., ақпаратты іздеу және алмасу, онлайн қарым-қатынас жасау – мұның барлығы сандық технологияның нәтижесі. Білім алушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда, оқу нәтижелерін жақсартуда сандық технологияларды пайдалана отырып мазмұнды жобалау және пайдалану мүмкіндігін арттыруға болады. Сандық білім беру ресурстарын сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін және оқу орындарындағы әдеби білім беруді жаңғыртуға көмектесетін жаңа білім беру технологияларының ауқымын кеңейту арқылы оқытушылар қауымын оқу орындарында әдеби білім беруде тиімдірек пайдалануға мүмкіндік туады. Жаңа технологиялар арқылы білім берудің сипаты, білім беру үдерісіндегі «цифрландыру» терминінің қызметі сөз етіледі. Қазақстандағы білім беруді цифрландыру кезеңдері қарастырылып, әр кезеңнің өзгешеліктері сараланады. Цифрландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері салыстырылады. Цифрлық ортада оқытудың негізгі белгілері (интерактивтілік, еркін байланыс, сапалық ақпарат, сандық ортада контент жасау, білім беруге қолжетімділікті арттыру, оқытудағы жақсартылған коммуникация, білім беру үдерісін жеңіл ұйымдастыру, т.б.) анықталады. Әңгіме жанрын оқытудағы комикс, видео редакторлар, цифрлық әңгімелеу, коллаборациялық оқытудың ерекшеліктері талданады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04.12.2025