АЛГЕБРА ЖӘНЕ АНАЛИЗ БАСТАМАЛАРЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Г.Р. Кощанова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор
  • Т.Ж. Маханбетова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

дидактикалық ресурстар, оқыту әдістемесі, мультимедиа, математикалық есептер, алгебра курсы, Geogebra, анықталған интеграл, фигураның ауданы, ақпараттық технологиялар, көрсеткіштік теңдеулер, иррационал теңдеулер

Аңдатпа

Қазіргі заманда мультимедиялық технологияларды қолдану өте маңызды, себебі олар ақпарат ағынының артуы, оқу уақытының тапшылығы, білім беру процесін жекелендіру және қоғамның қазіргі даму талаптарына сай үйлесімді тұлға қалыптастыру мәселелерін шешуге көмектеседі. Мультимедиялық технологиялар алгебраны оқыту процесін жетілдіру үшін интерактивті презентациялар, бейне сабақтар, аудио материалдар және математикалық есептерді құрастыру мен шешуге арналған бағдарламаларды қамтитын көптеген құралдарды ұсынады. Осы мақалада алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша білім беру үдерісінде мультимедиялық технологияларды пайдалану негізінде  мысалдарды шешу әдістері сипатталады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының алгебра бойынша білімдері мен дағдыларына педагогикалық талдау жасалып, алгебраны оқыту процесінде мультимедиялық әдістерді қолданудың танымдық белсенділікті арттырудағы және білім сапасын жақсартудағы тиімділігі мен платформалардың мүмкіндіктері зерделенді. 
Мультимедиа құралдары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқу материалын түсінуді жеңілдетуде шешуші маңызға ие болып отыр. Бұл жұмыста мультимедиялық технологияларды пайдаланып алгебралық есептерді шығару әдістері қарастырылып, олардың оқушылардың танымдық белсенділігіне, теориялық білімдерді меңгеруіне және практикалық дағдыларды қалыптастыруына тигізетін әсері талданады. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде мультимедиалық технологияларды қолданудың дидактикалық артықшылықтары, соның ішінде визуализация, интерактивтілік және оқыту материалдарын бейімдеу мүмкіндіктері 
жан-жақты талқыланады. Зерттеу нәтижелері мультимедиялық технологияларды қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып қана қоймай, оқу материалын терең түсінуіне және жаңа білімді өз бетінше игеруіне ықпал ететінін көрсетті. Бұл технологиялар білім сапасын жақсартумен қатар, оқыту процесін заманауи талаптарға сай тиімді әрі интерактивті етеді. Зерттеу барысында мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы алгебра сабақтарын оқытуды жетілдірудің практикалық ұсыныстары жасалды. Сонымен бірге, алгебра және анализ бастамалары сабақтарында мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, әртүрлі тақырыпқа байланысты есептерді шешу әдістері талданды. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар