ҚЫТАЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК  ТОПОНИМДЕР

Авторлар

  • Қайрат Ғабитханұлы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы, Қазақстан Автор

Кілт сөздер:

қытай жылнамалары, Түркі топонимдері, иероглиф, дереккөздер, тарихнама, реконструкция

Аңдатпа

Қытай жылнамаларының Орта Азияға қатысты деректер осы уақытқа дейін күллі зерттеушілердің өз тұжырымдарын басқаларға дәлелдейтін басты уәжі болып келеді. Өкініштісі, Қытай жылнамаларындағы түркілік ономастикалық атаулардың біразының қалай оқылатындығы бүгінде белгілі болса да тарихшыларымыз ғылымның лингвистикалық жағын ескерместен тарихына ғана мән беруде. Ономастикалық атауларды қолдану белгілі бір жүйеге түспеген. 19 ғасырдың соңында орыс және батыс ғалымдары жасаған аударма, реконстурукция сол күйінде қабылдануда. Зерттеуде қытай тарихнамаларындағы қытай иереоглифтерімен хатқа түскен түркі халықтарына тән ономастикалық атаулардың ерекшеліктері, оларды аудару мен реконструкциялау мәселелері қарсырылған.  Ономастикалық атаулар, яғни ру-тайпа, ел, ұлыс аттары, кісі есімдері, атақ-лауазым атаулары мен жер-су аттары халықтың ежелгі тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан да ол тіл ғылымының ғана емес. тарих ғылымынын да зерттеу нысаны болып саналады. Белгілі бір халыққа тән ономастикалық атауларды зерттеуде әдетте сол халықтың тілі мен тарихына көңіл бөлуден тыс оның географиялық қоныстануы мен тарихтағы көші-қон жағдайына, өзге халықтармен мәдени, сауда-саттық т.б. байланыстарына, діни наным-сенімдеріне, өз тілінен тыс өзге де қолданған тілдері мен жазуларына, тілдің фонетикалық өзгерістері т.б. мәселелерге де жан-жақтылы көңіл бөлінгені жөн. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.05.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар