ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторы

  • Маржан Каракулова Университет Есенова, г.Актау, Казахстан Автор
  • Меруерт Тұратбек КГУ «152 мектеп-гимназия» Алматы, Казахстан Автор
  • Бахтыгул Беисенова «Южно-Казахстанский педагогический университет имени Өзбекәлі Жәнібеков» Шымкент, Казахстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/g2aqqw15

Ключевые слова:

инклюзивное образование, толерантность, педагогические основы, дети с ограниченными возможностями, гуманистическая педагогика, личностно-ориентированное обучение, социальная интеграция, педагогические условия

Аннотация

Мақалада инклюзивті білім беру жүйесінде оқушылар арасындағы толеранттылықты арттырудың педагогикалық негіздері қарастырылады. Зерттеу барысында инклюзивті ортада білім алушы балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері, олардың әлеуметтік бейімделу үдерісіндегі қиындықтары және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың мүмкіндігі шектеулі құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауындағы педагогикалық-психологиялық мәселелер талданды.

Автор инклюзивті білім берудің теориялық негіздеріне сүйене отырып, толеранттылық ұғымының ғылыми анықтамасын нақтылайды және оны қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындайды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте оқушылардың толерантты қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететін факторлар – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын әдістемелік тәсілдер, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ сыныптағы психологиялық ахуал екендігі анықталды.

Мақалада инклюзивті ортада толеранттылықты дамытуға арналған педагогикалық шарттар: тұлғалық-бағдарлы оқыту, ұжымдық және топтық жұмыс формалары, диалогтік қарым-қатынас, ойын және арттерапиялық технологияларды пайдалану бағытында әдістемелік ұсыныстар беріледі. Сонымен бірге, инклюзивті білім беру кеңістігінде толеранттылықты қалыптастыру тек педагогикалық мақсат қана емес, қоғамда әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз етудің маңызды тетігі екендігі ғылыми тұрғыдан негізделді.

Зерттеу нәтижелері инклюзивті білім беру жағдайында оқушылар арасындағы толеранттылықты қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік маңызын айқындап, білім беру жүйесіне енгізуге болатын педагогикалық ұсыныстарды ұсынады.

Скачивания

Данные по скачиваниям пока не доступны.

Опубликован

01.06.2026