ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ҰҒЫМДАРЫН МЕҢГЕРУДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/nh5b7h11Кілт сөздер:
физика, зертханалық жұмыс, тәжірибе, оқыту әдістемесі, зерттеушілік дағды, STEM, STEAM, виртуалды лабораторияАңдатпа
Бұл жұмыста физика пәнін оқытуда зертханалық жұмыстардың рөлі мен маңызы қарастырылған. Зерттеу барысында зертханалық тәжірибелердің оқушылардың теориялық білімін бекітуге, тәжірибелік дағдыларын дамытуға және зерттеушілік ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал ететіні дәлелденді. Жұмыста зертханалық жұмыстың педагогикалық және психологиялық аспектілері талданып, оны ұйымдастырудың кезеңдері көрсетілген: дайындық, экспериментті орындау, нәтижелерді өңдеу және қорытынды шығару. Сондай-ақ зертханалық жұмыстардың дидактикалық функциялары – көрнекілік, бекіту, бақылау, дамытушылық және тәрбиелік қызметтері сипатталған. Қазіргі білім беру жүйесіндегі STEM және STEAM бағыттарының енгізілуіне байланысты физикалық зертханалық жұмыстардың мазмұнын цифрлық технологиялармен толықтырудың тиімділігі дәлелденген. Виртуалды зертханалармен компьютерлік модельдеу әдістері оқушылардың қауіпсіз әрі қызықты тәжірибе жасауына мүмкіндік беретіні атап өтілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, зертханалық жұмыстар күрделі физикалық ұғымдарды меңгеруде, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда және ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуде маңызды әдістемелік құрал болып табылады.




