КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ОЗЫҢҚЫ КАДРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ӨҢІРЛІК СТАНДАРТТАРЫН ӘЗІРЛЕУ
Кілт сөздер:
форсайт, rapid foresight, болжамдар, жаңа кәсіптер атласының аймақтық стандартыАңдатпа
Бұл зерттеудің идеясы кадрларды даярлаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу және озыңқы кадрлық қамтамасыз етуді айқындау үшін өңірлік стандарттарды әзірлеу, еңбек нарығын форсайт-болжау әдісін пайдалана отырып, мамандарды озыңқы
даярлаудың теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін, жаңа кәсіптерге қажеттіліктерді картаға түсіруді, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, оның ішінде еңбек нарығын озық кадрлық қамтамасыз етудің өңірлік стандарттарын енгізуді ұйымдастырушылық әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етуді қамтиды. Адами капиталды басқарудың тиімділігін арттыру құралдарының бірі болашақта талап етілетін құзыреттерді перспективалық болжау (ағылш. Skills Anticipation) және және олардың ел, аймақ, сала деңгейіндегі озық дайындығын жоспарлау болып табылады. Дамыған елдер соңғы жылдары бұл бағытта, әсіресе еңбек нарығында сұранысқа ие және перспективалы біліктіліктер мен кәсіптерді анықтау жүйесін құру және елеулі эмпирикалық базаны жинақтау бөлігінде алға жылжыды [1]. Бұл ретте шет елдердің кадрларды озық даярлау жүйесін қалыптастыру саласында да, сондай-ақ отандық практикаға енгізілуі мүмкін нақты жаңартылатын (өзгеретін) кәсіптер бойынша тәжірибесін зерделеу өзекті болып көрінеді.