ОҢТҮСТІК ЖЕТЫБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ЮРА КЕЗЕҢІНДЕГІ КОЛЛЕКТОР ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ЛИТОЛОГИЯЛЫҚ-ФАЦИЯЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ МИНЕРАЛОГИЯЛЫҚ-ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ӘРТЕКТІЛІГІ

Авторлар

  • С.С. Джайкиева «ҚМГ ИНЖИНИРИНГ» ЖШС «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы, Ақтау, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/bjz08358

Кілт сөздер:

Оңтүстік Жетібай, юра шөгінділері, коллектор жыныстар, седиментогенез, гранулометриялық құрамы, кеуектілік, өткізгіштік, каолинит, карбонаттану, дельта фронты, биотурбация, сканерлеуші электрондық микроскопия

Аңдатпа

Мақалада Оңтүстік Жетыбай кен орнының юра шөгінділеріндегі өнімді горизонттардың тік бағыттағы өзгергіштігі зерттеліп, олардың сүзгілік-сыйымдылық қасиеттерінің қалыптасу заңдылықтары анықталды. Керн материалын кешенді седиментологиялық, петрографиялық, минералогиялық және электрондық-микроскопиялық (СЭМ) зерттеу негізінде тау жыныстарының литофациялық ерекшеліктері, олардың петрографиялық жетілу дәрежесі, кейінгі катагенездік өзгерістер және қуыстық кеңістіктің сипаты арасындағы өзара байланыс анықталды.

Юра шөгінділерінің қимасынан палеошөгінді жиналу ортасының ауысуын сипаттайтын 24 фация бөлініп, олар бірқатар фациялық ассоциацияларға біріктірілді. Тау жыныстарының коллекторлық қасиеттері тек бастапқы седиментациялық ерекшеліктермен ғана емес, сонымен қатар тығыздалу, түйірлер арасындағы түйісу сипатының өзгеруі, цементтелу және кеуектік кеңістіктің қайта бөлінуін қоса алғанда, кейінгі литогенездік өзгерістермен де анықталатыны белгіленді. Терригендік бөліктің құрамында кварцтың, дала шпаттарының, тау жыныстары сынықтарының және слюдалардың басым екені, ал түйірлердің сұрыпталу дәрежесі төмен және орташа болып, пішіні негізінен бұрышты–жартылай жұмырланғаны көрсетілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы юра шөгінділерінің фациялық архитектурасы, түйірлік қаңқаның жетілу дәрежесі, катагенездік өзгерістердің сипаты және тау жыныстары-коллекторлардың сүзгілік-сыйымдылық қасиеттерінің қалыптасуы арасындағы заңды байланысты анықтаудан тұрады. Анықталған заңдылықтар Оңтүстік Жетыбай кен орнының өнімді горизонттарының қалыптасу жағдайлары мен кеңістіктік әртектілігін нақтылауға мүмкіндік береді және коллекторлардың сапасын болжау, сондай-ақ мұнай-газ залеждерінің геологиялық-гидродинамикалық модельдерін жетілдіру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар