МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ ПРЦЕСІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Авторлар

  • У. Т. Туленова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қаласы, Қазақстан Автор
  • Ж. Махметова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау қаласы, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/hptvdj91

Кілт сөздер:

электрондық оқыту құралдары, цифрлық білім беру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру процесі, мультимедиялық ресурстар, интерактивті оқыту, цифрлық құзыреттілік, білім сапасы, қашықтықтан оқыту, инновациялық технологиялар

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру жүйесінде электрондық оқыту құралдарын пайдаланудың өзекті мәселелері қарастырылады. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, оқыту сапасын арттырудың тиімді тетіктерін ұсынуда. Зерттеу барысында электрондық оқыту құралдарының оқу процесіндегі рөлі, олардың функционалдық мүмкіндіктері және білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы маңызы талданады.

Мақалада электрондық оқулықтар, мультимедиялық ресурстар, білім беру платформалары, виртуалды зертханалар және интерактивті бағдарламалардың дидактикалық артықшылықтары сипатталады. Электрондық құралдарды қолдану білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, оқу материалын көрнекі түрде ұсынуға және оқу мотивациясын арттыруға ықпал ететіні көрсетіледі. Сонымен қатар, педагогтердің электрондық ресурстарды тиімді пайдалануы үшін қажетті психологиялық-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық талаптар қарастырылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дәстүрлі оқыту әдістерімен ұштастыру білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға, білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға және білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері электрондық оқыту құралдарын жүйелі және мақсатты қолдану білім беру мазмұнын жаңғыртуға, оқытудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал ететінін дәлелдейді. Сондай-ақ цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқытудың дараландырылуын қамтамасыз етіп, заманауи еңбек нарығы талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жағдай жасайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

01.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар