ЛИТИЙДІ МИНЕРАЛДЫ ЖӘНЕ ГИДРОМИНЕРАЛДЫҚ ШИКІЗАТТАН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/6fq69w59Кілт сөздер:
литий, қатты минераладар, сподумен, лепидолит, гидроминералды шикізат, сорбция, экстракция, сорбент, тұзды ерітінділер, концентратАңдатпа
Бұл жұмыста литийді минералды (сподумен, лепидолит, петалит) және гидроминералды (тұзды рассолдар, мұнай-газ кен орындарының пласт сулары, минералданған және геотермальды сулар) көздерден алудың негізгі технологиялары әдеби деректер негізінде жүйеленіп, олардың технологиялық артықшылықтары мен шектеулері салыстырмалы түрде талданды. Қатты кендер үшін байыту сатыларының (ауыр ортада бөлу — DMS, көбікті флотация) концентрат сапасына әсері және кейінгі химиялық өңдеу бағыттары (α→β түрлендіру, күкіртқышқылды сульфаттау–шаймалау, сілтілік NaOH өңдеу, HF қатысындағы шаймалау) қарастырылды. Гидроминералды шикізат үшін күн буландыруы мен тұндырудың өндірістік қолданылуы, сондай-ақ төмен концентрациялы ерітінділерге тән сорбциялық/ионалмасу (DLE), мембраналық (NF/RO/ED) және экстракциялық әдістердің селективтілігі бағаланды. Жинақталған деректер литий өндірудің оңтайлы схемасы шикізаттың түріне, Li концентрациясына және Mg²⁺/Ca²⁺/SO₄²⁻ қоспаларының деңгейіне тәуелді екенін көрсетті.




