АЙМАҚТЫҚ БІРТЕКСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ШЕҢБЕРЛІ ҚАБАТТЫҢ ӨНІМДІЛІГІНІҢ ӨЗГЕРУІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/54nx1470Кілт сөздер:
Қабат, ұңғыма, мұнай, қалыңдық, өткізгіштік коэффициентіАңдатпа
Бұл жұмыста гидравликалық жару әсерін ескере отырып, аймақтық-біртексіз қабат жағдайындағы ұңғыманың өнімділігін бағалау мәселесі қарастырылған. Өнімді қабат тұрақты қалыңдық жағдайында сүзгілік-сыйымдылық қасиеттері әртүрлі бірнеше аймаққа бөлінген шеңберлі облыс түрінде ұсынылған сүзу процесінің аналитикалық моделі ұсынылды. Әрбір аймақ үшін өткізгіштіктің жеке мәндері ескерілді. Өткізгіштік біртексіздігінің, жүйенің геометриялық параметрлерінің және шекаралық шарттардың әсерін есепке алуға мүмкіндік беретін ұңғыманың өнімділік коэффициентінің аналитикалық өрнегі алынды. Алынған тәуелділікке талдау жүргізіліп, параметрлердің белгілі бір арақатынастарында біртекті қабатпен салыстырғанда ұңғыма дебитінің артуы мүмкін екендігі көрсетілді.
Гидравликалық жару жарығы параметрлерінің және «қабат–флюид» жүйесінің серпімділік қасиеттерінің сүзу сипаттамалары мен өнімділікке әсерін бағалауға ерекше назар аударылды. Жарықтың сығымдалғыштық параметрлері мен кеуекті ортаның серпімділік қасиеттері өзара үйлескен жағдайда өнімділік коэффициентінің ең жоғары артуы байқалатыны анықталды. Алынған нәтижелерді көпқабатты кен орындарын игеруді модельдеуде, сондай-ақ төмен өткізгішті коллекторлардың мұнайбергіштігін арттыру мақсатында гидравликалық жару параметрлерін оңтайландыруда қолдануға болады.




