ҚАЛАНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕСІНДЕ ЛАСТАНУЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/pnscme12Кілт сөздер:
экология, қоршаған орта, экологиялық факторлар, өнеркәсіп, ластану, өндірістік қалдықтар, экожүйе, экологиялық қауіпсіздікАңдатпа
Өндірістің қарқынды дамуы, зауыттардың жаппай салынуы және Қазақстан аумағында сынақ алаңдарының қызмет етуі ғылыми-техникалық жетістіктермен қатар, бірқатар экологиялық мәселелердің туындауына алып келді. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының күрделенуі, атмосфералық, құрлық және су экожүйелерінің беткі қабаттарының өзгеріске ұшырауы, сондай-ақ өндірісте қажетті материалдардың шамадан тыс өндірілуі қоршаған ортаға қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтардың көп мөлшерде түсуіне себеп болып отыр.
Осының салдарынан табиғи экологиялық тепе-теңдік бұзылып, адам денсаулығына тікелей қауіп төнуде. Атмосфералық ауаның зиянды газдармен ластануы тыныс алу жолдары, аллергиялық және онкологиялық аурулардың көбеюіне әкелсе, су ресурстарының өндірістік қалдықтармен ластануы ауызсудың сапасын төмендетеді, ал топырақтың улануы ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығына кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты қазіргі таңда өндіріс орындарында экологиялық талаптарды күшейту, қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын енгізу және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ерекше маңызға ие. Табиғат пен қоғам арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты сақтау мемлекеттік экологиялық саясатты жетілдіру, «жасыл» технологияларды дамыту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру арқылы жүзеге асады. Қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.




