ГЕОМЕТРИЯДАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУДЕ ТЕОРЕМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУЫ

Авторлар

  • Н.М.ҒАЗИЗҚЫЗЫ Каспийский университет инжиниринга и технологии им.Ш.Есенова Автор
  • Н.М.ҒАЗИЗҚЫЗЫ Каспийский университет инжиниринга и технологии им.Ш.Есенова Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/q18gez16

Кілт сөздер:

геометрия, математикалық олимпиада, олимпиадалық есептер, оқыту әдістемесі, аналитикалық ойлау, логикалық ойлау, синтетикалық әдіс, есептеу техникасы, математикалық дайындық, практикалық дағдылар, оқыту ресурстары, шеңбер, үшбұрыштар, жеңберге жүргізілген жанамалар, трапеция, теоремалар, трапецияға іштей сызылған шеңбер

Аңдатпа

Бұл жұмыста қазіргі білім беру жағдайында оқушылардың аналитикалық ойлауын, шығармашылығын және теориялық білімді практикада қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған геометриядан олимпиада есептерін шешуге дайындау әдістемесі қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – геометрия бойынша олимпиадаға дайындалатын білімалушылардың дайындық деңгейін арттыруға ықпал ететін тиімді оқыту әдістері мен оқу ресурстарын талдау. Жұмыста геометрияны оқытудың практикалық бағытының маңыздылығы, жүйелі жаттығу мен олимпиадалық есептерді тұрақты шешудің оқушылардың логикалық ойлауын, табандылығын және уақытты тиімді пайдалану қабілетін дамытудағы рөлі көрсетіледі. Сонымен қатар стандартты геометриялық (синтетикалық) әдіс және стандартты есептеу техникасы (bashing) сияқты тәсілдерді қолдану ерекшеліктері сипатталады. Зерттеу барысында әртүрлі әдістер мен оқу материалдарын пайдалану арқылы оқушылардың күрделі олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндігі дәлелденеді. Нәтижесінде ұсынылған әдістемелік тәсілдер оқушылардың математикалық жарыстардағы жетістіктерін арттыруға және олардың болашақ оқу-кәсіби қызметіне қажетті маңызды дағдыларды дамытуға ықпал ететіні анықталды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

29.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар