РЕЗЕҢКЕ БИТУМДЫ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШТАРДЫҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Аккенжеева Анар Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Бусурманова Аккенже Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Қуандық Меруерт Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/vyjfd991

Кілт сөздер:

резеңке үгіндісі, мұнай битумы, модификация, реологиялық қаситеттер

Аңдатпа

Бұл ғылыми зерттеу жұмысы резеңке-битумды байланыстырғыштардың (РББ) құрылымы мен реологиялық қасиеттерін жақсарту мақсатында битумды резеңке ұнтағымен, девулканизацияланған резеңке үгіндісімен модификациялауға бағытталған. Әдеби шолу барысында битумның физика-химиялық қасиеттері, мицеллалық және макромолекулалық құрылым теориялары, резеңке бөлшектерінің битуммен әрекеттесу механизмі және реологиялық өзгерістердің ғылыми негізі жан-жақты қарастырылды.

Тәжірибелік бөлімде 70/100 маркалы битум қолданылып, резеңке үлестерінің әртүрлі мөлшерде қосылуы материалдың жұмсару температурасына, созылғыштығына, пенетрациясына, тұтқырлығына және төмен температуралық морттыққа әсері анықталды. Нәтижелер девулканизацияланған резеңке үгіндісінің битум құрылымына тиімді енгенін, серпімді тор түзетінін және дайын байланыстырғыштың жоғары және төмен температураларда тұрақтылығын арттыратынын көрсетті.

Реологиялық сынақтар (Фраас, сақина-шар, пенетрация, дуктилометрия) модификацияланған битумдардың шөгуге қарсы тұру қабілетінің жоғарылағанын, фазалық бұрыштың азайғанын және комплекс модулінің артқанын көрсетті. Зерттеу нәтижелері резеңкемен модификацияланған битумның жол жамылғыларының ұзақ мерзімді беріктігін арттыруға тиімді екенін дәлелдеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

13.01.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар