НАФТИЛАМИН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫ

Авторлар

  • Хамзина Н. Ғ. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/hrhs7p69

Кілт сөздер:

анилин, синтез, қосылыс, туынды, процесс, нафтиламин, храмотография, амин

Аңдатпа

Бұл мақалада нафталинның басты туындысы болып табылатын органикалық зат нафтиламин және оның туындыларын, қасиеттерін зерттеу және әр түрлі бағытта синтездеп алу.

Нафтиламин және оның туындылары химиялық саланың әртүрлі мақсатына қолданылады. Нафтиламин біріншілік амин тобына жатады және нафталин туындыларының бірі болып таблады.

Мақалада нафтиламинге химиялық синтез әдісі жүргізіледі. Химиялық синтез - бұл күрделі молекулаларды құру немесе жасау процесі, сондай-ақ физикалық және химиялық әдістермен химиялық қосылыстарды алу. Органикалық синтезде химиялық реакцияның соңғы нәтижесі оның бастапқы қосылысына қарағанда қарапайым зат болуы мүмкін. Органикалық синтезді дамыту - бұл ауыл шаруашылығы, медицина, парфюмерия, тамақ өнеркәсібі және т. б. сияқты бағыттарда қолданылатын түрлі белсенді заттарды алу мүмкіндігі. Синтетикалық әдістерді жетілдіру өнеркәсіптік ауқымда көптеген қажетті химиялық заттарды алуға мүмкіндік берді. Органикалық химияда бұл аммиак, сода, күкірт және азот қышқылы, сондай-ақ басқа да қосылыстар синтезі болуы мүмкін. Бұл мақалада нафтиламин, яғни нафталиннің амин туындыларының химиялық және физикалық қасиеттері, сондай-ақ олардың әртүрлі салаларда қолданылуы қарастырылады. Нафтиламиннің екі изомері: 1-нафтиламин (α-нафтиламин) және 2-нафтиламин (β-нафтиламин) туралы ақпарат беріледі. Мақалада нафтиламиндердің қолданылу аясы, атап айтқанда, бояғыштар, фармацевтикалық препараттар және басқа да органикалық қосылыстарды синтездеудегі рөлі талқыланады. Ерекше назар 2-нафтиламиннің канцерогендік қасиеттеріне аударылады, оның адам денсаулығына төндіретін қауіптері мен осы қосылыстармен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары көрсетіледі. Мақала нафтиламиннің қасиеттері мен қолданылуы туралы білімді кеңейтуге және олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге арналған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

08.12.2025

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар