МАГНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰЙМАЛАРЫНЫҢ КОРРОЗИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Кілт сөздер:
физиологиялық орта, магний құймалары, легирлеуші элементтер, мырыш, құймалардың коррозиялық қасиеттерін зерттеуАңдатпа
Мақалада, физиологиялық ортада магнийдің коррозияға төзімділігімен байланысты бірқатар мәселелер зерттеліп, отандық және шетелдік ғалымдардың жұмысына негізделе талдаулар жасалды. Биоүйлесімді магний негізіндегі құймаларды алу үшін лигерлеуші элементтерді қосу арқылы құймалардың коррозиялық қасиеттерін бағалау әдістерінің зерттеу нәтижелері зерделенді. Магний құймаларының беріктігі мен қаттылығы сирек жер металлдарын қосу арқылы жақсартуға болатыны анықталды, сонымен қатар коррозияға төзімділігін арттыруға да болады. Балқыма алудың негізгі мақсаты механикалық қасиеттерді, коррозиялық тұрақтылықты жақсарту және өнімнің өзіндік құнын ақтау болып табылады. Mg құймаларына легирлеуші элементтерді қосу арқылы беріктік, серпімділік секілді механикалық қасиеттерді және биокоррозияға тұрақтылықты жақсартуға болады. Легирлеуші элементтер механикалық қасиеттерін ғана емес, олардың биоүйлесімділк дәрежесін есепке ала отыра таңдалды. Легирлеуші металға байланысты дән мөлшерінің шамалы таралуы, біртекті құрылымға ие болу сияқты құйманың әртүрлі құрылымдық
сипаттамаларын алуға болады, алайда балқыма қасиеттері металларалық қосылыстардан және микроструктурадан да тәуелді. Магний құймаларының коррозиялық әрекеті электрохимиялық сынақтар арқылы бағаланды, олар эталондық электрод ретінде қаныққан каломель электроды (SCE) және қарсы электрод ретінде платина электроды және жұмыс электроды ретінде магний қорытпасының үлгілері бар үш электродты ұяшықты жүйені қолдану арқылы жүргізілді. Потенциодинамикалық поляризация қисықтары электрохимиялық жұмыс станциясын (VSP-300, BioLogic, Франция) пайдалана отырып, 1,5 мВ с−1 сканерлеу жылдамдығында ашық тізбек потенциалына (OCP) қарсы ±500 мВ сканерлеу арқылы алынды. Құрамында Sc бар Mg қорытпаларының қайта пассив қабілеттілігін ескере отырып, үлгілер 1200 грит SiC қағазын пайдаланып механикалық ұнтақталды және ашық контурды тұрақтандыру үшін HBSS 1 сағат бойына сіңірілді. Коррозия ток тығыздығы icorr (мА см-2) және коррозия жылдамдығы (CR) BioLogic ұсынған EC-Lab бағдарламалық құралын пайдаланып Tafel
әдісімен есептелді. Әрбір магний құймасының үш үлгісі электрохимиялық сынақтар арқылы коррозияны бағалау үшін пайдаланылды. Таза магний және магний негізіндегі құйманың құрылымдық және морфологиялық сипаттамалары рентген-дифракционды анализ және сканерлеуші электронды микроскоп әдістерімен зерттелді.