БАТЫС ҚАЗАҚСТАН КЕН ОРЫНДАРЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ КЕЗІНДЕ ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАБАТТАРДЫ АЖЫРАТУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/gv8x7881Кілт сөздер:
бұрғылау, бекіту сапасы, буферлік сұйықтық, цементтеу, пайдалану колоннасы, цемент сақинасыАңдатпа
Жұмыста кен орындарындағы пайдалану және айдау ұңғымаларын цементтеу сапасына көпжылдық кезең бойынша талдау жүргізілді. Әртүрлі тығыздықтағы буферлік сұйықтықтар мен цемент ерітінділерін қолдана отырып, бірсатылы және екісатылы цементтеу технологиялары қарастырылды. Акустикалық цементометрия және электромагниттік дефектоскопия деректерінің негізінде ұңғымаларды бекіту сапасының біркелкі еместігі анықталып, бұзушылықтардың негізгі себептері, соның ішінде сақиналық кеңістіктегі ағындар мен пайдалану колонналарының зақымдануы айқындалды.
Цементтеу нәтижесіне технологиялық факторлардың (ұңғыма оқпанын дайындау сапасы, бұрғылау, цемент және буферлік ерітінділердің қасиеттері, жобалық параметрлерге сәйкестігі), сондай-ақ адами фактордың елеулі әсер ететіні көрсетілді. Өндіруші және айдау ұңғымаларындағы ақаулардың динамикасы талданып, өндіруші ұңғымаларда ақаулар санының артуы, ал айдау ұңғымаларында олардың азаю үрдісі анықталды.
Әртүрлі термобариялық жағдайларда сақиналық кеңістіктің герметикалығын арттыру, қабаттарды ажырату сапасын жақсарту және ұңғымаларды бекітудің сенімділігін қамтамасыз ету үшін жетілдірілген тампонаждық және құрылымдалған буферлік сұйықтықтарды қолдану қажеттілігі негізделді.




