BIM-ТЕХНОЛОГИЯЛАР: ҚҰРЫЛЫС ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • М.К. Суйменова Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Б.С. Ақмурзаева Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/kcm7ew66

Кілт сөздер:

BIM технологиялары, ақпараттық модельдеу, құрылыс саласы, 3D жобалау, цифрландыру, жобалау және салу кешені, өмірлік цикл, қателерді анықтау, құрылыс тиімділігі, нормативтік база, мамандарды даярлау, инновациялық технологиялар, жобалық ақпараттық жүйе

Аңдатпа

Құрылыста BIM технологияларын енгізу-қазіргі заманғы цифрлық трансформацияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. BIM тек 3D-жобалау құралы ғана емес, сонымен қатар жобаның өмірлік циклы кезеңдерінде барлық мүдделі тараптар арасында ақпаратты біріктіру, жоспарлау, үйлестіру және басқару функцияларын атқаратын кешенді платформа ретінде де қызмет етеді. BIM технологиялары жобалауда қателерді азайтуға, шығындарды оңтайландыруға, уақытты қысқартуға және құрылыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жобаны іске асыру сапасын арттыруға жағдай жасайды.

Қазақстанда BIM-ді қолданудың нормативтік базасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, бұл технологияны мемлекеттік және ірі жобаларда міндетті түрде енгізудің жолдарын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар BIM-ің қолданылуы жол және инфрақұрылым құрылысы сияқты салаларда да зерттелуде, бұл оның мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

BIM-нің құрылыс индустриясына енгізілуінің артықшылықтары - жобаларды тиімді басқару, барлық кезеңдер бойынша деректерді нақты ақпаратпен қамтамасыз ету, жобалық ақпаратты орталықтандыру, қаржылық және уақыттық шығындарды төмендету сияқты аспектілерді қамтиды. Сонымен қатар, BIM-нің енгізілуі кәсіпорындардың инновациялық даму мүмкіндіктерін арттырып, құрылыс саласында интеграцияланған цифрлық жүйелерді қолдануға жол ашады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

06.05.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар