МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/k3gbms58Кілт сөздер:
өндіріс және тұтыну қалдықтары, қатты тұрмыстық қалдықтар, қайта өңдеу, аумақта қоқыс тастау, басқару жүйесі, қоршаған орта, негізгі ластаушы заттарАңдатпа
Мақаланың мақсаты - облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтардың айналым саласын басқарудың қолданыстағы жүйесінің экономикалық жағдайын зерттеу және бағалау. Бұл Республиканың «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінгі күні өңірде бар қатты-тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі өзінің тиімсіздігін дәлелдейді: қатты-тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемі ұлғайды, бұл өз кезегінде полигондар аумағының қоқысқа тасталуы және ауқымының өсуі орын алуына алып келеді. Полигондар астында орналасқан жерлердің экологиялық жай-күйі бұзылып жатыр және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің саны ұлғаюда; кәдеге жаратумен байланысты қатты - тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің ұтымды жүйесі жоқ, полигондарды қайта өңдеу, тасымалдау және рекультивациялау жүргізілмейді. Облыс үшін қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселе болып табылады, ал өндіріс пен тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, басымдықтарды таңдау ең алдымен қоғамның шешімдерімен және ұлттық деңгейде қойылған мақсаттармен анықталады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы айналым саласын басқаруды талдау болып табылады қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша жаңа технологияларды құру қажет, атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытын салуды қажет етеді.




