PYTHON ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ГЕЙМИФИКАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТОПТЫҚ «FIND ЖӘНЕ FIX» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Абдыкеримова Э.А. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор
  • Қиса М.С. Есенов университеті, Ақтау, Қазақстан. Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/47xh9w91

Кілт сөздер:

геймификация, жасанды интеллект, Python тілі, топтық ойын, soft skills, бағдарламалау әдістемесі, оқытудағы инновациялар, когнитивтік белсенділік, қате табу тапсырмалары, цифрлық технологиялар

Аңдатпа

Бұл мақалада Python тілі сабақтарында геймификация мен жасанды интеллектті біріктіру арқылы оқушылардың soft skills дағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеу жұмысы оқыту үдерісіне ойын элементтері мен ЖИ жүйесін кіріктірудің тиімділігін теориялық және практикалық тұрғыда негіздейді. Сабақтар топтық форматта ұйымдастырылып, әр топқа «Find and Fix the Error» типіндегі тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмалар ЖИ арқылы үш деңгейде автоматты түрде генерацияланды: қатесі айқын (А-деңгей), нәтижесі дұрыс көрінетін, бірақ логикалық қатесі бар (B-деңгей), және байқалмайтын ұсақ қатесі бар (C-деңгей). Мұндай құрылым оқушыларды тек код жазуға емес, оны талдауға, логикалық сәйкессіздікті анықтауға және өз шешімін дәлелдеуге бағыттайды.

Зерттеу 23 оқушысы бар 9-сыныпта төрт апта бойы жүргізілді. Нәтижелер топтық ойын әдісі мен ЖИ қолдану оқушылардың код оқу жылдамдығын, қате табу дәлдігін және топтық коммуникация сапасын айтарлықтай арттырғанын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік сенімділігі мен бір-біріне деген жауапкершілік деңгейі жоғарылаған. Психологиялық тұрғыда қателікке деген көзқарас өзгеріп, ол сәтсіздік емес, танымдық табыс ретінде қабылдана бастады. Жалпы алғанда, ұсынылған әдіс геймификация мен жасанды интеллект синергиясын біріктіріп, Python тілін оқытудың инновациялық моделін ұсынады. Бұл тәсіл пәндік біліммен қатар оқушылардың шығармашылық және коммуникативтік құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы болып табылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар