МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
DOI:
https://doi.org/10.56525/12dynq33Кілт сөздер:
инновациялық әдістер, физиканы оқыту, проблемалық-ізденушілік оқыту, жобалық оқыту, білім берудегі АКТ, педагогикалық тәжірибе, білімді меңгеру сапасы, орта мектепАңдатпа
Бұл мақалада педагогикалық тәжірибе негізінде орта мектепте физиканы оқытудың инновациялық әдістерінің оқушылардың оқу материалын меңгеру тиімділігіне ықпалы қарастырылады. Зерттеуге үш жалпы білім беретін мектептің алты сыныбынан (8–9-сыныптар) 144 оқушы қатысты, олар бақылау және эксперименттік топтарға тең бөлінді. Эксперименттік топтарда инновациялық әдістер - проблемалық-ізденушілік оқыту, жобалық оқыту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқыту - қолданылды, ал бақылау топтарында дәстүрлі түсіндірмелі-көрсетпелі әдіс бойынша оқыту жүргізілді. Эксперимент деректері статистикалық әдістер (Стьюдент t-критерийі, Коэн коэффициенті) арқылы өңделді, нәтижесінде эксперименттік топтың үлгерім көрсеткіші бақылау топтан 12 пайыздық тармаққа жоғары болғаны анықталды (p<0,001). Алынған нәтижелер инновациялық әдістердің физика оқытудың сапасын арттырудағы маңызын дәлелдейді және оларды оқу үдерісіне енгізу бойынша практикалық ұсыныстар жасауға негіз болады.




