ҚАЛАЛЫҚ ЖАСЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАҒЫ АҒАШ ӨСІМДІКТЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • Абубакирова Ажар Абдугаппаровна Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/k8r65e64

Кілт сөздер:

қалалық экожүйе, ағаш өсімдіктері, фитосанитарлық мониторинг, фитопатогендер, антропогендік әсер, жасыл желектер, биологиялық қорғау, экологиялық қауіпсіздік, экожүйе тұрақтылығы

Аңдатпа

Мақалада Шымкент қаласының саябақтары мен көшелеріндегі ағаштектес өсімдіктердің фитосанитарлық жағдайын бағалау және оларды биологиялық қорғаудың экологиялық тиімділігін анықтау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – ағаш өсімдіктерінде кездесетін ауру қоздырғыштарын анықтау, олардың таралу сипатын бағалау, патологиялық өзгерістерді ерте диагностикалау және химиялық қорғау әдістеріне экологиялық қауіпсіз балама ретінде биологиялық қорғау шараларын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу барысында ағаш өсімдіктерінің 12 түрінен алынған 20 үлгіге фитопатологиялық талдау жүргізілді. Нәтижесінде саңырауқұлақтық және бактериялық патогендер әсерінен туындайтын некроз, өңездену, дақтану және обыр ауруларының түрлік құрамы анықталды. Дің зиянкестерінің таралуын зерттеу мақсатында Netocia кедергі тұзақтары қолданылды. Бөлініп алынған микроағзалардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін олар ЕПА, ЕПБ және Чапек қоректік орталарында өсірілді.

Зертханалық жағдайда in vitro тәжірибелері жүргізіліп, Betula туысына жататын қайың жапырақтары мен тұқымдарына бактериялық обыр қоздырғышын жұқтыру арқылы патогенездің даму динамикасы зерттелді. Тәжірибе нәтижесінде жапырақ жасушаларының зақымдануы және тұқымдардың 50%-ға дейінгі бөлігінің патоген әсерінен бұзылуы анықталды. Сонымен қатар, агробактериялар мен микромицеттер негізінде әзірленген биотехнологиялық препараттың ағаш өсімдіктерін зақымдайтын патогенді микроағзаларға қатысты жоғары антагонистік белсенділік көрсететіні анықталды.

Алынған нәтижелер қалалық жасыл желектердің фитосанитарлық тұрақтылығын бағалауда биологиялық және экологиялық мониторинг әдістерін қолданудың маңыздылығын көрсетті. Биологиялық қорғау тәсілдерін енгізу химиялық препараттарды пайдаланудан туындайтын ықтимал экологиялық жүктемені төмендетуге, қалалық экожүйелердің тұрақтылығын сақтауға және өсімдік жамылғысының экологиялық қызметтерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері қалалық жасыл инфрақұрылымды сақтау, фитосанитарлық мониторингті жетілдіру және қоршаған ортаға қауіпсіз өсімдіктерді қорғау жүйесін қалыптастыру үшін практикалық маңызға ие.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар