БОЛАШАҚ БІЛІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.56525/pm5vyw77Кілт сөздер:
мүмкіндіктер психологиясы, білім беру, әлеуметтік-экономикалық құзыреттілік, тәрбиешіАңдатпа
Мақалада болашақ тәрбиешілердің әлеуметтік-экономикалық құзыреттіліктерін дамытудың психологиялық мүмкіндіктері қарастырылып, олардың кәсіби даярлығының сапасын арттырудағы теориялық және практикалық негіздері талданады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог мамандардың әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделу қабілетін, экономикалық ойлауын, қаржылық сауаттылығын және басқарушылық дағдыларын қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Автор әлеуметтік-экономикалық құзыреттіліктің құрылымдық компоненттерін анықтап, оны қалыптастырудың психологиялық алғышарттарын, тұлғалық және кәсіби даму факторларын сипаттайды. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жүргізіліп, болашақ тәрбиешілердің экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі қарастырылды. Экономикалық жағдаяттарды модельдеу, практикалық тапсырмалар, тренингтер, топтық жұмыстар және экономикалық симуляциялар білім алушылардың шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, коммуникация және ынтымақтастық дағдыларын дамытуға оң ықпал ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері студенттердің теориялық білімдерін практикалық қызметте қолдану қабілетінің артқанын, экономикалық дербестігі мен кәсіби мотивациясының күшейгенін көрсетті. Сонымен қатар болашақ тәрбиешілердің коммуникативтік белсенділігі, эмоционалдық тұрақтылығы, өзін-өзі бақылауы және әлеуметтік жауапкершілігі жоғарылағаны анықталды. Мақалада әлеуметтік-экономикалық құзыреттіліктерді қалыптастырудың психологиялық тетіктерін білім беру процесіне жүйелі енгізудің маңыздылығы негізделеді. Зерттеу қорытындылары болашақ тәрбиешілерді кәсіби даярлау жүйесін жетілдіруге, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және заманауи білім беру талаптарына сәйкес құзыретті маман қалыптастыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.




