ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.56525/66q5za71Кілт сөздер:
элементтер химиясы, ізденімпаздық құзыреттілік, зерттеушілік оқыту, химиялық білім беру, STEM-білім, ғылыми зерттеу дағдылары, жобалық оқыту, функционалдық сауаттылықАңдатпа
Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік мәдениетін, сыни ойлау қабілетін және алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдану дағдыларын дамыту болып табылады. Осыған байланысты мектептегі жаратылыстану пәндерін, әсіресе химияны оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және ізденімпаздық құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ізденімпаздық құзыреттілік оқушының ғылыми ақпаратты өздігінен іздеу, талдау, салыстыру, жүйелеу, зерттеу жүргізу және негізделген қорытынды жасау қабілеттерін қамтиды. Бұл мақалада элементтер химиясын зерттеушілік оқыту технологиялары негізінде меңгерту арқылы оқушылардың ізденімпаздық құзыреттілігін дамыту мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында құзыреттілік тәсілдің теориялық негіздері талданып, ізденімпаздық құзыреттіліктің құрылымдық компоненттері айқындалды. Сонымен қатар элементтер химиясын оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік модель ұсынылып, оның тиімділігі педагогикалық эксперимент нәтижелері арқылы дәлелденді. Зерттеу қорытындылары зерттеушілік бағыттағы оқытудың оқушылардың танымдық белсенділігін, ғылыми ойлауын, шығармашылық әлеуетін және пәндік білім сапасын арттыруға оң ықпал ететінін көрсетті.




