ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Б.А. Алашов «Черноризец Храбр» атындағы Варна еркін университеті, Варна қ., Болгария Автор

DOI:

https://doi.org/10.56525/590egj85

Кілт сөздер:

прокуратура, прокурорлық қадағалау, заңдылық, мемлекеттік-құқықтық жүйе, Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық сот ісін жүргізу, мемлекеттік билік, адам құқықтары, құқықтық мемлекет

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасы прокуратурасының ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері, оның мемлекеттік-құқықтық жүйедегі орны, прокурорлық қадағалау институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері, сондай-ақ прокуратура органдары қызметін жетілдірудің заманауи бағыттары зерттеледі. Шетел мемлекеттеріндегі прокуратура қызметінің тәжірибесіне талдау жасалып, қазақстандық прокуратураның кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі қалыптасу және даму сатылары қарастырылады. Прокуратураның қадағалау функциясын жүзеге асыру, қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылықты қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Конституциялық реформалар, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және құқық қорғау жүйесін жаңғырту жағдайындағы прокурорлық қызметтің даму үрдістері зерттеледі. Прокуратураның құқық қорғау органдарының қызметін үйлестірудегі, құқық бұзушылықтардың алдын алудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері қарастырылады. Прокуратура органдарының тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыруға, прокурорлық бақылау тетіктерін нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер талданады. Зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жаңғырту, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жағдайында прокуратура органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

18.06.2026