СУБСИДИАРЛЫҚ ПРИНЦИПІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІ: ЕУРОПАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.56525/78wkn197Кілт сөздер:
субсидиарлық принципі, жергілікті өзін-өзі басқару, орталықсыздандыру, ауыл әкімі, Еуропалық хартия, функция-ресурс балансы, жергілікті басқару реформасы, ҚазақстанАңдатпа
Мақалада субсидиарлық принципінің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі теориялық мәні мен практикалық маңызы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің нысаны - Еуропалық жергілікті өзін-өзі басқарудың 1985 жылғы Хартиясы мен Қазақстан Республикасының жергілікті басқару заңнамасы. Аталған принциптің нормативтік мазмұны Хартияның 4(3)-бабы негізінде ашылып, оның Польша, Оңтүстік Корея және Грузия заңнамасындағы іске асырылу тәжірибесі салыстырмалы-құқықтық тәсіл арқылы сараланады. Қазақстан Республикасы заңнамасының субсидиарлық принципімен үйлесімі «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы Заң мен ауыл әкімдеріне жүктелген 177 функция мысалында бағаланады. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы ауыл деңгейіндегі функциялардың шамамен 10–15 пайызы субсидиарлық принципіне қайшы келетіні анықталды: бейінді емес функциялар, ресурстық қамтамасыз ету тапшылығы және делегирлеудің шектеусіздігі негізгі проблемалар ретінде айқындалды. 2026 жылғы заңнамалық өзгерістер жағдайды жақсарту бағытында нақты қадам ретінде бағаланды. Зерттеу нәтижелері негізінде Еуропалық хартияны ратификациялау, функциялар тізілімін бекіту және делегирлеуге ресурстық шарт белгілеу бойынша заңнамалық реформаға нақты ұсыныстар берілді.




